Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

Елші ханым жаңа бастаманы Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам деп бағалай келіп, елімізде жүрігізілген конституциялық реформаға байланысты жылы лебізін жеткізді.

Мәжіліс Спикері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жіті көңіл бөле келіп, өткен жылы сыртқы сауда айналымының 1,2 млрд долларды құрағандығын атап өтті. Қазақстанда 860 британдық бизнес компаниялары тіркелгендігін алға тартқан Нұрлан Нығматулин:

– Біз жаңа экономикалық саясат және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін британдық капиталдың қатысуына мүдделіміз,- деді.

Жүздесу барысында Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі де назардан тыс қалмады. Осы ретте Мәжіліс төрағасы британдық павильон қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың ерекше ықыласына ие болатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, тараптар заң шығару жұмысында парламентаралық байланыстарды тереңдетудің маңыздылығына көңіл бөліп, тәжірибе алмасудың түрлі жолдарын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз