Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мәжіліс депутаттары өңірде цифрландыру бойынша атқарылған істерді саралады

1468

Осы ретте Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов:

– Балалардың дамыған бағдарламаларға шынымен ынталы екендігіне өте қуанышты екенін жеткізіп, еліміздегі 1000 сабақ, яғни, жарты миллионға жуық жас жаңа бағыттар бойынша білім алуда, бұл болашақта талап етілетін мамандықтар бойынша жоғары сапалы мамандарды ала аламыз деген сөз,- деді.

Оқушылар сарайында 12-17 жас аралығындағы оқушылар өздерінің кәсіпкерлік және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуда. Мұнда балалардың қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйренуге, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға, сондай-ақ идеяларды іс жүзінде іске асыру тәжірибесіне ие болуға көмектеседі.

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева Ақтөбе облысындағы сапары барысында «Эко Экспресс Актобе» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Бұл көпсалалы өндірістік кәсіпорын 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және мұнай-газ өнеркәсібіндегі өндірістік нысандарды жобалаудан бастап техникалық қайта жабдықтауға дейінгі жұмыстардың толық спектрін орындайды.

Кездесуде Дания Еспаева Президенттің бес әлеуметтік бастамасын, Мәжілістің жұмысы мен «Ақ жол» фракциясының қызметін іске асыру тетіктері туралы әңгімеледі.

– «Ақ жол» фракциясы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылдың маусымына дейін үшінші сессиясы аралығында, 65 депутаттық сауал жарияланып, қаралған заң жобаларына шамамен 1000-ға жуық түзетулер жіберілді, – деді Еспабева.

Сондай-ақ, депутат жергілікті жер қойнауын пайдалану туралы тұрғындар тарапынан жергілікті жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауына бағытталған отандық өндірушілерді қолдау туралы заң жобасына бірқатар өзгертулер енгізілгенін де айтты.

  • Айта кетсек, еліміздегі Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен жүзеге асырылуда.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз