Шынымен біртүрлі екен. Әлеуметтік желіде Төреғалидың өз әнін жанды дауыста орындаған видеосын көріп екіұшты ойға қалдық.
Хит болған “Бол жанымда” атты әнін Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде орындапты. Алайда видеоны көрген әлеуметтік желідегі жұрт әншінің жанды дауыста мандытып айта алмайтынын жазып, сынап тастапты.
“Өте нашар, сіздерді қайдам, мен Төреғали үшін ұялдым, кешіріңіздер”, “Демі де, даусы да жетпеген соң халыққа микрофонды бұра салған ба”, “Сұмдық шынымен”, “Түк айта алмайды екен ғой, бірақ ұнайды”, “Позор Төреғали, ұят қайда?”, “Қазақстанда жанды дауыста ән айтатын әншілер өте аз”, – деп жазыпты желідегі жұрт.
https://www.instagram.com/p/BW4_HbCD1a4/?taken-by=zhandydauys
https://kaz.365info.kz/t-re-alidi-ty-da-tajzhan-t-rehanovty-byt-shytyn-shy-ardy-246948