Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мәскеуде төртінші қабаттан құлап өлген қазақ қызының ісі жабылуы мүмкін

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қызының әлі қырқы да өтпеген ананы, тергеушілердің қырық бір өтірігі ашынтып отыр. Айтуынша, күні кеше ғана «кісі өлімі» деп іс қозғағандар енді «өзі өлді» деп көзқарастарын өзгертіпті.

“Тергеу қызды суицид жасады деп отыр. Меджидовтың берген жауабына сәйкес сондай шешімге келіпті. Меджидов деген істің басында күдікті еді, енді куәгер боп шыға келіпті.

Мұндай тергеуге қалай сенуге болады, айтыңызшы? Сенбеймін, істі бұрмалап жатыр.

Жанна Ахметова басында тергеуге сеніп, іске араласпағанын айтады. Енді өліміне қыздың өзі кінәлі еместігін дәлелдеуге мәжбүр. Айтуынша, қыз терезеден құлап кеткенде ар жағында біреудің тұрғанын көшеден көргендер болған. Бірақ, Томирис көз жұмған соң ол кісілер зым-зымия жоғалып кетіпті”,-дейді марқұм Т.Байсафаның анасы Жанна Ахметова

Марқұмның анасы куәгерлердің өзі өз сөздерінен жалтартып отырғанын айтуда.

“Қызды лақтырып жібергенін көрдік деген куәгерлер болған. Ол куәгерлерді кейін таппай қалдық. Көше бойынан көрдік деп болған жайтты айтып берген еді. Енді тергеу оларды жоқ деп отыр.

Яғни, қазақ қызының Мәскеудегі өліміне қатысты атышулы іс барған сайын сұйылып барады.

Ал бұған дейін күдікті деп саналған Муртузали Меджидов куәгер боп шыға келген. Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы тергеуге берген жауабын мың өзгертіпті. Ақыры оны сұрақтың астына алған тергеушіні ауыстырып тыныпты. Қаралы отбасына осы жайт күдік ұялатқан. Іске Мәскеудегі қазақ дипломаттары араласып, анасына адвокат тауып берсе де, тергеуге әсері болмай отыр”,- деді Жанна.

Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі істің барлығын жіті бақылауда екендігін хабарлайды.

“Адвокатты ұйымдастыру шараларын тағы да жасадық.Адвокатты бердік, ұсындық. Әрине, елшілік басшылығы бұл істі жіті бақылап отыр және үнемі байланыста барлық құзырлы орындармен.  Іске араласуға ешқандай дәрменіміз, құқығымыз жоқ, бірақ дегенменде біз бақылауда ұстап отырмыз. Қыздың өзі өлгеніне мәскеулік дәрігерлер де сенбейді екен. Анасының айтуынша, ота жасаған хирургтер қыздың білегінен біреудің күштеп ұстаған іздерін көрген. Оқиға орнын тексерген мамандар да терезенің жақтауынан қыз терісін тауыпты.

Яғни, Томирис өлер алдында әбден жанталасқан болуы мүмкін”

,-деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз