Мәскеуде Фили және Кунцево станциялары арасында екі пойыз соқтығысты. Бұл туралы ресейлік БАҚ-тар жазуда, деп хабарлайды Baq.kz.
Пойыздың машинисі теміржолды кесіп өтпек болған адамды басып кетпеу үшін шұғыл тежегішті басқан. Одан кейін оған келесі пойыз келіп соқтығысқан. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер 31 адамға жетті. Арасында 16 жастағы жасөспірім бар. Барлығы да орта және жеңіл жарақаттар алған.
https://youtu.be/mZjBhJvEqX8