Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мәсімов: ҰҚК 10 жылда Қазақстанда 100-ге жуық терактінің алдын алды

ҰҚК басшысының сөзіне қарағанда, өткен 25 жылда Қазақстанның контрразведкасы мемлекеттік құпияларды қорғаудың, барлау-зиянкестік әрекеттерге және Қазақстанның ішкі ісіне заңсыз араласуына қарсы тұрудың жеке қорғаныс жүйесін қалыптастырған. Бастамалы шпионаждың бірқатар әрекеттері, сонымен қатар мемлекеттік органдарға еніп құпия ақпаратқа қол жеткізу бойынша жеке шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардың жоспарларының жолы кесілді.

“Сапфир” және “Виктория” контрразведкасының тамаша операциялары тарих еншісінде із қалдырды. 2007 жылы АҚШ президенті Джордж Буш: “АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан үздік серіктес болған емес”, деп бекер айтпаған”, — дейді Мәсімов.

ҰҚК басшысы өз мақаласына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтіп, елбасының “ұлттық қауіпсіздік болмаса – мемлекет те болмайды” деген принципін еске алады.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының жарлығымен құрылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз