Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Мәсімов – Number One”. Шенеуніктер рейтингін көрдіңіз бе?

111

Шенеуніктердің беделі, тиімділігі және  келешегі (бұл жерде әңгіме карьерасы туралы болып отыр) бойынша жасалған рейтинг былайша өрбіген екен. 

Мәсімов – Number One 

Айта кетейік, 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы рейтингіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов осыменен екінші мәрте бірінші орыннан көрінді. Сарапшылар Мәсімовтың өте тиімді жұмыс істейтіндігін ерекше бағалап, оған бес деген баға берген. Қазақстанның Үкіметін екі қайтара басқарған Мәсімовтың ҰҚК-нің төрағасы қызметіне былтыр күзде тағайындалғаны белгілі.

Премьерлікті төрағалыққа ауыстырған Мәсімовтың атақ-абыройының бірден аспандап кеткенін немен түсіндіруге болады?

Айта кетейік, осы рейтингіде шенеуніктердің танымалдығына қатысты берілген бағадағы ең жоғары 5,82 балды сенатор,  ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев алыпты. Соған қарағанда,  Қазақстанда ҰҚК-нің төрағасы болудың өте мықты авторитет екендігін еріксіз мойындауға тура келетін сияқты.  

Екінші орында…

Екінші орынды жуырда ғана Мәскеуден оралған Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Тәжин алды. Тәжин бұл рейтингіге соңғы рет 2014 жылдың ақпанында, Мәскеуге елші болып кеткен кезде енген екен. Содан бері бар-жоғы белгісіз болып келген ол

биыл қаңтарда мемлекеттің құпияларын жария етті деген айыппен Бағлан Майлыбаев тұтқындалған соң, Ақордаға қайта оралды.

Сөйтіп, күтпеген жерден Тәжиннің саясаттағы өлеусіреп тұрған шырағы қайта жанды.  

Сарапшылар Бағлан Майлыбаевтың тұтқындалуы Ақордадағы ішкі саясаттың тығырыққа тірелгенін көрсетті дейді. Ал Тәжин сөз жоқ, осы олқылықтың орнын толтыру үшін келді. Оның карьерасы бұл кресломен де шектеліп қалмауы мүмкін.

Айта кетейік, рейтингте М. Тәжин өзінің тікелей бастығы, Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтен де жоғары тұр.

Кім төмендеді? 

Рейтингте үштікке кірген Жақсыбековтен кейінгі төртінші орынды президенттің күйеу баласы, кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Тимур Құлыбаев иеленді.

Ал Иманғали Тасмағамбетов бұл жолы бесінші орынға төмендеген. Бұл төмендеу қаңтар айында И.Тасмағамбетовтың вице-премьерліктен Мәскеудегі елші болып ауысуымен байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жалпы, бізде шенеуніктің елші болып кетуі ойыннан тыс қалуды білдіреді.  

Тасмағамбетов 47 шенеуніктен тұратын осы рейтингідегі жалғыз елші екен.

Оған мұндай «мәртебе» Мәскеуде елші болғаны үшін емес, үкіметті, президент әкімшілігін басқарған, Алматы мен Астананың әкімі болған, министр мен вице-премьерлік қызметтің де дәмін татқан, одан қалса, осы рейтингіде былтыр ғана ойқастап, бірінші орынды бермей жүрген шенеунік ретінде берілгені белгілі. 

Әрі қарай…

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев алтыншы орында. Сарапшылардың бағалауынша,

премьер-минстр ретінде Б.Сағынтаев өзін мықты менеджер ретінде көрсете алды.

Жетінші, сегізінші орындарды парламент палаталарының төрағалары алып отыр. Алдымен төменгі палата Мәжілістегі Нығматулин, жоғарғы палата Сенаттағы Тоқаев одан кейін.

Одан әрісіне толық тоқталмай-ақ қысқаша шолып өтсек,  ЭКСПО-ның төрағасы Ахметжан Есімов -14, Алматының әкімі Бауыржан Байбек -15, Астананың мэрі Әсет Исекешев-17 орында. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев -23, «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев 25-орында.

Осы рейтингіде 33-орында тұрған Ақпарат және коммуникация минстрі Дәурен Абаевқа сарапшылар біраз сын айтыпты.

Ол әзірге өзін министр ретінде танытқан жоқ. Әлі де орындаушының рөлінен шыға алмаған. Елең еткізерлік бастамалары да байқалмайды.

Айтқандай, вице-премьер-ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов – 31, ал қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мининстрі Бейбіт Атамқұлов –  42 орын алды.

Ал тізімнің ең соңындағы 47-орында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Одан жоғарыда жиі сынға ұшырап жүрген білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тұр.  

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз