Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мәселе әжесінде емес пе?”. Кішкентай қызын сабаған қатігез ана баласын өз тәрбиесіне алды

166

Балабақшадағы тәрбиешілердің айтуынша, қазір бүлдіршіннің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы. Ал аналық құқына былтыр желтоқсанда шектеу қойылған Нұргүл Докуованың өзі, осы аралықта қызын әкесінің рұқсатымен ғана көріп, үйіне де жиі әкетіп отырыпты. Бастапқыда немересінің тәрбиесімен айналысам деген Айлиннің әжесі болса, кейін өзі тұратын Ресейге кетіп қалған.

https://kaz.365info.kz/pavlodarly-kelinshek-endi-esin-zhidy-ol-atty-kinip-zhatyr-233640

Естеріңізге салсақ, былтыр қазанда 4 жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті жұрттың ашуын туғызған еді. Кейін ғаламторда тарап кеткен таспаны қатыгез әйел күйеуінен өш алу үшін түсіргені белгілі болған. Ал соңы мұндай дауға ұласады деп ойламаған Докуова, қызына ашу үстінде қол көтергенін айтып, енді мұндай жайт қайталанбайды деп ант-су ішуде.

Нұргүл Докуова, Айлиннің анасы:

Ашу үстінде болған жайт. Қызыма ешқашанда қиянат жасағым келген емес. Енді барлығын жаңадан бастап, тату-тәтті өмір сүргім келеді

https://kaz.365info.kz/atygez-ana-a-talyp-zhatyr-men-r-an-zho-pyn-ony-any-da-shy-an-zho-233323

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз