Мәскеуде нәпақасын тауып жүрген қырғыз ағайындар Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының шулы мәлімдемесіне үн қатты.
“Еден жусақ та, қара жұмыс істесек те, өз нанымызды ақ адал еңбегімізбен тауып жүрміз. Бізді бұлай кемсітпесін!” – дейді өкпесі қара қазандай болған қырғыз біртуғандар.
«Жасыратыны жоқ, Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып келсең, қоғамдық дәретханаларды жап-жас қырғыздың қыздары жуып жүреді. Бұл, әрине, көңілге ауыр тиетіні сөзсіз. Нағыз жастық шағында неліктен олар дәретхана жуып жүр деп ойлайсың? Елінде жұмыс немесе болашақ болмаса, әрине, қырғыздар өзге қалаларға барып күнелтуге мәжбүр. Осыны ертеректе біліп ескерткен Шыңғыс Айтматов — ұлы жазушы,» –
деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы сол есептік жиында.