Жаңаөзенге жақын жерде болған жол апатынан зардап шеккен балалар ауыр күйде, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы облыстық емхананың бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова айтып берді.
«Жасанды тыныс алу аппаратымен 10 жасар қыз бен 6 жасар бала жатыр. Қыздың екі бірдей аяғы кесілді. Бас-ми жарақатын алған. Ұл бала да бас сүйек ми жарақатын алған. Іші жарақаттанған», – дейді дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова.
Бұған дейін Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты жайлы хабарланған еді.