Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Маңғыстауда сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Ол – полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр.

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өз-өзіне әлі келе алар емес. Айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Бірақ заңды  бұзудан бас тартқан сатушының бұл әрекеті жігіттің ашуына әбден тисе керек, ыстық май құйылған қазанды қызға қарай теуіп жіберіпті.

“Спирт сатуға тыйым салынғанын түсіндірдім. Сол кезде тұрды да,  майды бір тепті. Олар отбасымен кешірім сұрауға келді.. Келгенде де кешірім сұраған жоқ, өз жағдайларын айтып кетті”, – дейді Сымбат Қозыбай.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатып қоя беріпті.

“Мен мына құзырлы орындардың жүргізіп жатқан істеріне қанағаттанбаймын. Қызымның жатысы мынау. Мұны бұзақылық дейді. Бұл 106 баптағы қасақана шабуылға жатады. Сол үшін құзырлы орынға бұл іс-шараға бей-жай қарауына жол бермеймін”, – дейді Сымбаттың әкесі Ахмет Ізтұрғанов.

Бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр. Оларға сенсек, іс алдағы уақытта басқаша болып өзгеруі де ықтимал.

“Ауруханадан шығарылғаннан кейін ауыру тарихымен сот-медициналық сараптамасы тағайындалатын болады. Аталған сараптама қорытындысын алғаннан кейін алған дене жарақатының дәрежесіне байланысты қылмысы бойынша нақты күдіктінің әрекеттеріне баға берілетін болады”, – дейді Мұнайлы аудандық ІІБ бастығы Нұрбол Бишеханов.

Тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған күдікті жауаптан жалтармайды деп сендіріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз