Әлеуметтік желіде Маңғыстау даласында қалың қызғалдақтың арасында дастархан жайып, табиғатты бүлдірген демалушылардың видеосы тарады.
Кадрларда жайқалған гүлдердің үстіне төселген дастархан мен қойылған орындықтар көрінеді.
Желі қолданушылары бұл әрекетті айыптап, табиғатты қорғауға шақырды: «Гүлді таптап тастады», «Масқара», «Табиғатты қорлайтындар» деген пікірлер жазылды.