Маңғыстауда су тазалайтын атом комбинатынан шыққан қою қара түтіннің видеосы желіде тарап, жергілікті халықтың алаңдаушылығын туғызды.
Осыған байланысты бізге оқырмандарымыз хабарласып, мәселені анықтауды сұрады деп жазады Lada.kz.
“Қазір станция бір отын түрінен екіншісіне ауысып жатыр. Бұл – уақытша құбылыс. Алаңдаудың еш жөні жоқ”, – деді Маңғыстау атом электр станциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Қолғанат Нұржабайұлы.