Маңғыстау облысында Шетпе – Бейнеу тас жолында бір күнде екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қайтыс болды.
Бұл туралы “Лада” порталы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әбілге сілтеме жасап хабарлайды.
“Жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Шетпе – Бейнеу тасжолының 210-шақырымында жүк көлігімен соқтығысты. Toyota Camry тізгінінде болған 1992 жылғы жігіт пен 1951 және 1964 жылғы екі жолаугы қайтыс болды. Фураның жүргізушісі тірі”, – деді басылымның сұхбаттасушысы.
Кейін осы аймақта Renault көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Lada Largus автомобилімен соғысты.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada көлігінде отырған жолаушы қайтыс болды. Қалғандары сау”, – деді Жәзира Әбіл.
Екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды.