Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Маңғыстау облысында улы газ бір отбасын жалмады

Улы газдың үйдің ішіне жайылып, жеті адам тіл тартпай кетті. Көршілерінің шақыртуымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үйден жеті адамның газға уланып ісініп кеткен мәйітін тапқан. Оның бесеуі – кәмелетке толмаған бала.

«Өлімнің себебін анықтау мақсатында қайтыс болған тұрғындарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы айда дайын болады. Оған дейін тергеу жүргізіледі. Полиция департаменті бастығының тапсыруы бойынша қазір тергеу тобы құрылды. Істі сол тергеу тобы тергейді», – дейді Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Қайрат Өтемісов.

Марқұмдардың туыстары улы газ шатырдың саңылауынан үйге тараған дейді. Осы сәтте ұйықтап жатқан бес баланың бірі оянып үлкендерге хабарлағысы келген. Алайда есігі ішінен кілттеулі ата-анасының бөлмесіне кіре алмапты. Жалма-жан үйдің терезесін ашуға жүгірген кішкентай бала пердеге асылған күйі ажал құшыпты. Осы оқыс жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр.

«Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі. Соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі және оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында», – дейді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов.

Тиісті мамандар тұрғын үйлердің жылыту пешін тексермейді дейді марқұмның туыстары. Ал аудан әкімдігі жеті адамның өмірін жалмаған ескі пешті жаңасына ауыстырып беріпті. Бірақ бұл үйдің түтінін түтетін енді тірі жан қалмады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз