Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Маңғыстау облысында елді 55 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

Ақтау қалалық соты әйелді ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сотталған әйелдің 3 пен 10 жас аралығындағы кәмелетке толмаған 5 баласы бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 2027 жылдың 11 наурызына дейін кейінге шегерілді.

Сот 25 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 54 875 077 теңге материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарды. Оның ішінде бір жәбірленушіге 22 миллион теңге, екіншісіне 6,5 миллион теңге, тағы біріне 3,5 миллион теңгеден астам қаржы өндіру белгіленген.

Қорғаушы тарап үкімді жеңілдетуді және бапты қайта саралауды сұрап апелляция берген. Ал жәбірленушілер сотталушыға берілген кейінге қалдыру шарасына қарсы болып, кейбірі сатылған көліктерді қайтаруды талап еткен. Алайда апелляциялық сот алқасы Ақтау қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, ал апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз