Британиялық полицияның хабарлауынша, Манчестердегі шабуылға қатысқан деген күдікпен барлығы алты адам ұсталды.
Қылмыстық топты қолға түсіру мақсатында полиция бүкіл Манчестерде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұлыбритания ішкі істер министрі Эмбер Раддтың мәлімдеуінше, Манчестердегі шабуылды бірнеше адам жүзеге асырған.
Манчестердегі теракті жауапкершілігін “Ислам мемлекеті” террористік тобы мойнына алды. “Манчестер аренадағы” концерт залындағы жарылыстан 22 адам қаза тапты.