Мұнайдың бағасы қазіргідей төмен болған жоқ, теңге мен рубль бағамын тежеп отыр. Қашанға дейін осылай болмақ?
Экономист Арман Бейсембаев қазіргі болып жатқан жағдайда теңгенің құнсызданатыны анық деп есептейді.
— Егер WTI мұнайы теріс көрсеткіштер көрсетсе, Brent мұнайы да сондай жағдайға тап болуы мүмкін. Ол «нөлдік» көрсеткіш көрсетіп, тіпті теріс мәнге ие болуы мүмкін. Бұл
теңгенің құнсыздануының түбі жоқ екенін көрсетіп отыр. Мен 500 теңгенің өзі жақсы баға деп ойлаймын.
— дейді Бейсембаев.
Экономистің пікірінше, қазіргі таңда теңге бағамын жасанды жолмен тежеп отыр.
— Мамыр айының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы бойынша қос таңбалы санның орнына бір таңбалы сан көруіміз мүмкін. ОПЕК+ келісімі мамыр айында күшіне енеді
Қазірде мұнай өндірісі тоқтаған жоқ, қоймаларда уақыт өткен сайын орын қалмай барады
Бұл мұнай бағасы да ары қарай арзандай береді, ал теңге әлсірей түседі дегенді білдіреді. Сондықтан жақын арада біз 450, 470 және 500 деген бағамды көруміз әбден ықтимал, — деген сенім білдірді ол.
Арман Бейсембаевтың айтуынша, «қара алтын» өндірісін қысқартқаннан кейін де, мұнай қазіргіден жоғары бағамен сатылмайды.
— Brent маркалы мұнай бір барреліне бес, тіпті екі доллармен де сатылуы мүмкін
Мен оның бағасы бір доллар болса да таңғалмаймын. Бұл 20 ғасырдың басындағы баға деңгейі екенін атап өту керек, — дейді Бейсембаев.
Экономист Рустема Жансеитовтың пікірінше қазір рубль бағамын бақылау керек.
— Егер рубль бағамы түссе, теңге де соның артынан барады. Менің болжауымша,
қазір рубль де жасанды жолмен тежеліп тұр
Нақты болжамдар жасау үшін, объективті жағдай орын алғанша бірнеше күн күту керек.
Жағдай қазірде белгісіз болып тұр: мұнайдың бағасы қазіргідей болған емес. Бірақ бір-екі аптадан кейін оның, сәйкесінше ұлттық балюта бағамының қалай қарай бет алары белгілі болады, — дейді Жансеитов.
Экономист Арман Байғанов басқаларға қарағанда жақсырақ болжамдар жасады. Оның пікірінше, мұнай бағасының құлдырауы қысқа мерзімді құбылыс.
Мұнай дегеніміз құбылмалы тауар ғой. Екінші жарты жылдықта, 2020 жылдың соңында оның бағасы бір барреліне 40 доллардан артық болады.
— Бағалары қалпына келеді. Коронавирус те мәңгі болмайды
Елдер біртіндеп тоқыраудан шыға бастайды, сәйкесінше мұнайдың бағасы да ақырын көтеріледі. Теңгеге келетін болсақ, Ұлттық банк қазірде интервенция жүргізуде, бір доллардың 500 теңгеге дейін қымбаттауына жол бермейді. Сондықтан дүрлігудің қажеті шамалы, — дейді экономист.