Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Маман: “Фервексті” алсаңыз, жылтыр орам мен жарнамаға ақша төлейсіз

Министрлік өкілінің пікірінше, Қазақстанда отандық сапалы препараттар жасап шығаруға жағдай әлі де жасалмаған.

“Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығы – 1 миллиард 100-200 миллион долларды құрайды. Бұл жерде отандық өнімдердің үлесі аз және өкінішке қарай, ол әзірге өспейді. Ең басты мәселе де сонда, нарықтың басым бөлігін – шетелдік түпнұсқалық дәрілер алып отыр. Ал олардың бағасы өте қымбат. Мәселен, бір дәрінің өзі 20-30 мың теңге тұрады», – деп атап өтті Арнұр Нұртаев.

2955224

Бүгінде отандық өндірушілер халыққа дженериктерді – яғни негізгі препараттардң көшірмесін ұсынып отыр. Маманның сөзінше, елімізде өзіміздің «нағыз» дәрілерімізді шығару үшін өндірушілерге арнап инфрақұрылым немесе шетелдік әріптестермен келісім-шарттық өндіріс жасау қажет.

Дегенмен Нұртаевтың айтуынша, дәрінің отандық көшірмесін сатып алатын азамат ештеңеден ұтылмайды.

«Немесе біз шетелдік препараттардан түбегейлі бас тартуымыз керек. Сонда отандық өнімнің үлес салмағы 80 пайызды құрайтын еді. Дженериктер сапа тексерісінен өткен арнайы тіркелген препараттар.Барлық талапқа сай келеді. Ендігі кезек қазақстандық тұтынушыда. Мен үнемі салыстырып, бұған дейін де айтып жүрдім. «Фервекс» алатын болсаңыз, сіз бірінші кезекте әдемі орам мен жарнамаға ақша төлейсіз. Отандық көшірмелер шетелдік препараттармен салыстырылады. Яғни, олардың сапасы шетелдікінен кем емес», – деп атап өтті Нұртаев

Министрлік өкілінің айтуынша, дәрі-дәрмектің сақталу жағдайы (жарық сөніп, тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істемеуі, т.б.) оның сапасына әсер етуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз