Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Мама-папа, сендерді жақсы көрем”. Ақтөбеде балконнан секіріп, мерт болған қыз хат жазып қалдырыпты

Қайғылы оқиға 29-мамырда түнгі уақытта болған. “Түнгі сағат 3.00-де қыздың терезеден секіріп кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Қыз жедел жәрдем барғанша қаза тапты, оның ауыр жарақат алғаны белгілі болды”, – деп хабарлады басылым тілшілеріне жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Сөйтсек, Назерке Мәртөк ауданының тумасы екен, Ақтөбеде құрбыларымен пәтер жалдап тұрып жатқан. Ата-анасы оқиға орнына әлі келмеген. Марқұмды жерлеу рәсімі өз ауылында өтеді.

Сол күні не болғанын қыздың құрбысы Айнагүл былайша айтып берді:

“Не болғанын ұқпай қалдық. Бұрыннан бірге тұрып келеміз, Назеркенің бойынан оғаш қылық байқамадық. Үздік оқыды, отбасында немесе достарымен проблемасы болмаған. Ол айтар еді. Біз әрқашан сырымызды айтатынбыз. Дүйсенбі күні түнде ол үйде жоқ еді, ал тағы бір құрбым ұйықтап жатқан. Назерке тұрды да, балконға шықты. Не болғанын ешкім де естімеді. Полиция келгенде ғана ояндық. Ата-анасына обал, қалай шыдар екен мұндай қайғыға. Отбасы өте жақсы”.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытты осы іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз