Әнші Ерке Есмаханның актер Әли Байжұматпен кездесіп жүргені жөнінде қауесет тарағанына біраз болды. Оны жұлдыздардың өзі де жоққа шығармайды. Тіпті желіде бір-біріне қатысты жазбаларды жиі жариялап жүр.
Бұл жолы Ерке сүйіктісінен мерекеге орай алған гүлін көрсетіп мақтанды, деп жазады Stan.kz.
«…Қай жерде отырса да қарлығашың,
Ұқ, жаным, оның жатқа табынбасын.
Біл, жаным, оның албырт жүрегінің жалынып,
Өзгелерге жағынбасын.
Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын,
Тек жаның жалынынан арылмасын
Көзіңнен ой оқыған сонау күні
Арнаған өзін саған қарлығашың», – деп жазды әнші.
Мұнан кейін әнші: «Қарлығаш деген мен ғой», – деп жазып қойған.
Желі қолданушылары бірден әншіге гүлді Әли Байжұмат берді деп топшылады. Себебі бірнеше күн бұрын актер желідегі парақшасында дәл осындай гүл шоғын ұстап тұрған суретін жариялаған еді.