Мұрагер туралы әңгіме Орта Азия кеңістігіндегі аса өзекті тақырыптардың бірі.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елді тұрақты дамыту ұлттық кеңесінің бесінші отырысында мұрагерінің кім екендігі туралы айтып берді, деп жазды kabar.kg.
Оның айтуынша, ол қайда барса да, кіммен кездессе де барлығы одан мұрагер ретінде кімді лайықты санайтынын сұрайды.
«Бұл туралы менен Ангела Меркель де, Владимир Путин де сұрады. Кейбір саясаткерлер мен журналистер өзімді қорғайтын мұрагерді таппай жүргенім туралы мақалалар жазуда. Мен тек Алладан қорқатынымды мәлімдеймін. Маған мені қорғайтын мұрагер емес, біздің ұлттық және мәдени құндылықтарымызды сақтап, халқымызды қорғайтын мұрагер керек»
– деді Атамбаев.