Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мәдина Сәдуақасова ұшыраған жол апаты: жедел жәрдем оқиғаның мән-жайын айтты

586

Танымал қазақстандық әнші Instagram парақшасында көлігінің артына жолаушылар автобусы келіп соғылғанын айтқан болатын, апат салдарынан автобустағы екі жолаушы зардап шеккен. Сәдуақасова жедел жәрдем диспетчерінің көптеген сұрақ қойып, зардап шеккен адамның телефонын сұрағанын жазды.

Алматы жедел медициналық жәрдем станциясы айтқандай, оқиға орнына дәрігерлерді көшеде кетіп бара жатқан ер адам шақырған, бригада да шұғыл жетіпті.

“Жиырма үшінші қазанда 13.01-де жедел жәрдем пультіне Достық даңғылы мен Жамбыл көшесі қиылысында жол апаты болғаны туралы қоңырау түсті. Жол апаты салдарынан зардап шеккен науқасты дәрігерлер қарап, Алматы қаласының көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізді”, — делінген хабарламада

Науқастың диагнозы – иығы мен беті жарақаттанған.

Сонымен бірге, диспетчер қызметкерлеріне қатысты қандай шара қолданылғаны хабарланды.

“Станция әкімшілігі аталған оқиғаны тексеріп, әкімшілік-дисциплиналық шара қолданды, дипсетчер қызметкерлерімен жедел жәрдем қоңырауын қабылдау алогритмін сақтау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді”, — делінген хабарламада.

Шара қолдануға не себеп болғаны айтылмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз