Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мәдина Сәдуақасова күйеуі туралы: “Менің ең жақын адамым»

366

Мәдина Сәдуақасова бірнеше ай бойы жазылушылары қойған сұраққа жауап берді. Оның күйеуімен ажырасқаны туралы сыбыстардың пайда болғанына біраз уақыт болды, сондықтан әнші бұл сұраққа жауап беруге асықпаған еді. Тіпті, 2020 жылы алғашқы демалысы Мысырға демалуға ол ұлы мен әпкесімен барған болатын.

Бақытымызға орай, мұның бәрі артта қалды. Оқырмандарын тыныштандыру үшін Сәдуақасова жұбайымен суретке түсіп, отбасында бәрі бірқалыпты екенін жеткізді.

“Сақалы өсіп, сәл жүдеген болса да мен үшін бұл дүниедегі ең мықты, ең сымбатты, жаныма, жүрегіме ең жақын адам менің қасымда. Бәрі жақсы, шүкір” , – деп жазды Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың соңында ол жазылушыларына туыстары мен құрбыларының өзіне бойкот жариялағанын айтқан болатын. Өйткені, туыстары оған өмір сүруді үйретіп, дұрыс жолға салғысы келген.

Қазір жағдай өзгерді, Мадина жақын адамдарымен қарым-қатынасын қалпына келтірген. Оның айтуынша, бұл сәтсіз кезең келмеске кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз