Әнші примадоннаның атына айтылған жағымсыз пікірдің көбейгеніне наразылығын білдірді.
«Бұл бір ыңғайсыз жағдай болды. Иманбектің ремиксін бүкіл әлем тыңдады, 20 жастағы қазақ Grammy статуэткасын алды. Қателеспесем, мұндай сыйлықты ол Орталық Азияда бірінші болып алып отыр. Орыстар да біз сияқты оның жеңісіне қуанып, бізді шын жүректен құттықтауда.
Иманбектің бақыт жұлдызы жанғаны сөзсіз. Ол өте талантты және тәрбиелі, ол біздің мақтанышымыз! Алайда, біздің Халық әртісіміз, аты аңызға айналған Роза Рымбаеваны бірнеше күннен бері айтқан пікірі үшін әлеуметтік желіде қатты сынға алып жатыр. Қымбаттыларым, әншінің 40 жылдық еңбегін құрметтеңіздер, мейірімді болыңыздар. Ол біздің аты аңызға айналған Розамыз», – деп жазды Мадина.
Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева Grammy иегері атанған ди-джейдің жай ғана «керекті уақытта керекті жерден табылғанын» және оның «жай ғана жолы болғанын» мәлімдегеннен кейін әлеуметтік желіде қатты сынға алынған болатын.