Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мәдина мұныңыз не?”. Танымал әншінің ажырасып кеткені рас па? (фото)

321

Автордың жазбасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз. 

“Өзім айдаладағы танымайтын адамдар ажырасып кетті дегенді естігенде жүрегім ауырып қалатын жанмын. Себебі, менің де әке-шешем ажырасқан…

Өзім ұнатып, сүйіп тыңдайтын әншінің бірі Мәдина. Мәдина Сәдуақасованы айтамын.

https://kaz.365info.kz/saduakhasova-sizge-ne-bolgan-277196

Мінезі де сондай көркем. Сұлу. Ерекше сұлу. Киім киісінде де көзге қораш көрінетін ештеңесі жоқ. Қазақ сахнасының хас сұлуы десем артық емес шығар…

Міне, сол Мәдинаға келгенде соңғы кездері жүрегім ауырып жүр. 

Инстаграмын аптасына бірнеше рет парақтаймын. Күйеуімен түскен бірде-бір суреті жоқ. Керісінше, тойда, өнердегі әріптестерімен түскен суреттерінен аяқ алып жүре алмайсыз.

Қорқып, сезіктеніп жүрмін. Осы Мәдина күйеуі екеуі ажырасып кетпеді ме? Тағы бір жұлдызды шаңырақ шайқалған жоқ па осы? 


Жан жары ғой, құдай қосқан қосағы. Тым болмаса құшақтасып түскен бір суретін салмағаны қалай? 

https://kaz.365info.kz/endi-magan-zhakhyndap-korsin-ashuly-makhpal-zhynisova-madinany-nege-zhylkhyganyn-ajtty-292314


Мәдина, өтінем сенен ажыраспашы. Сұлу, кербез қазақ әйелі дегенде өзіңізді көз алдыма елестетем. Сізге қатты еліктеймін бар ғой. Айдана да, Жанар да жасанды сияқты, ал сіздің бойыңызда жасандылық жоқ.


Тек ажыраспаңызшы, ажырасу деген сөзден өте қатты қорқам.

Өткен жолы бір интервьюде “күйеуім шулы жерді ұнатпайды, соқа басып солпиып өзім жалғыз жүрем” деген екенсіз. Ақыры, сол сөз күйеуіңіз екеуіңізді ажырастырып тынған жоқ па? Сенгім келмейді...”. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз