Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мәдина Әбілқасымова : “Елімізде кедейлік деңгейі төмендеді”.

253

«Әлеуметтік кепілдіктерді арттыру бойынша мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың нәтижесінде өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері жақсарды. Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6 пайыздан 2018 жылғы 2-тоқсан қорытындысы бойынша 4,7 пайызға қысқарды.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2001 жылдан бастап 2017 жыл аралығында 10,8 есеге өсіп, 83 мың 53 теңгені құрады», – деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, халықтың табыстар бойынша теңсіздігі қысқарып келеді. Джини индексінің мәні 2001 жылдан 2017 жыл аралығында 0,287 дейін 1,3 есеге қысқарды.

«Кедейлік тереңдігі 2001 жылдан 2017 жылға дейін 37 есеге, яғни тиісінше 14,8 пайыздан 0,4 дейін, кедейлік өткірлігі – 65 есеге, 6,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін азайды», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз