Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Маңғыстау облысында 21 мыңнан астам адамға 10 605 теңгеден тәуелсіздік сыйақысы берілді

288

Маңғыстау облысында 21 мыңнан астам барлық санаттағы мүгедектер тәуелсіздік мерейтойы құрметіне төлемақымен қамтамасыз етіледі.

«Екінші деңгейлі банктердің карта-шоттарына ақша аудару басталды. Көмек алатындардың қатарында республикалық және облыстық маңызы бар зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және мүгедек интернационалист-жауынгерлер де бар», – деді Гүлмира Қалмұратова.

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ҚР Тәуелсіздігіне орай облыста берілетін төлемнің аздығына қарамастан, бір реттік көмектің жыл сайын 5 мерекеге орай тұрақты беріліп келе жатқанын атап өтті.

«Төлемақы мөлшері аудандар мен қалаларда бірдей, 2017 жылға да бекітілген. Бюджетте қосымша материалдық көмек үшін 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржы әлеуметтік пакетті құрайды және бұл қаражат мұқтаж жандарға көмек болады деп үміттенеміз», – деді Гүлмира Қалмұратова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз