Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мә, ендеше! Әйелімен ұрсысқан астаналық шкафты терезеден лақтыра салды

Наурыздың соңында Астананың ІІД Жедел басқару орталығына ер адам терезеден шкаф лақтырған Сейфуллин көшесіндегі №8 үйдің тұрғынына қатысты шара қолдануын сұрап, арызданған. Арыз түн ортасында түскен.

“Сарыарқа” ауданының жергілікті полиция қызметі пәтерлерді аралап, 1976 жылы туған ер адамның отбасылық жанжал кезінде 13-қабаттан кітап тумбочкасын лақтырғанын анықтады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген”, – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Ер адамға қатысты 434-баптың 1-тарауы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл салынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз