“Ұят емес” бағдарламасына сұхбат берген Мақпал Исабекова өзі жайлы қандай алып-қашпа әңгімелердің айтылатынын айтып беріпті.
“Соңғы кездері өзің жайлы қандай алып-қашпа сөздер естіп жүрсің?” деген журналистің сауалына әнші былай депті:
–Менің екі балам бар. Мен оларды Мәскеуде туып алғанмын. Кейбіреулер олардың әкесі Доминик Джокер (орыстың әншісі) деп ойлайды. Ал енді бірі Иван Бреусов деп болжам жасайды. Мен Мәскеуде болдым ғой. Ел мені Мәскеуге сол балаларды туу үшін барды деп санайды екен (күліп). Айтпақшы жиенім Мансұрды менің балам деп ойлайтындар бар. Ал жарайды, егер ол менің балам болса, оны неге елден жасырамын? Жарайды, некесіз тудым делік. Бірақ, бұл да баланы елден жасыруға себеп емес қой…”.