Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Мұндай дауыс Жер бетінде жоқ”. Қытай ғана емес, әлем елдері де Димашқа аузын ашты (видео)

112

Бұл видеоларда ортақ эмоцияға тән сөздер: “Сөзім жоқ…”, “Денем түршігіп, басқа әлемге тап болғандаймын”, “Басқа әлемнен келген адам” деп келеді.

“МашАллах” деп мұсылман елдерінің де тыңдармандары Димаштың әніне сүйсінуде.

“Мен оны жылайды дедім, өзім жылап жібердім, ол әнді бүтін-болмысымен орындайды екен, өзімді қоярға жер таппай, тыпырлап кеттім. Құдай-ау, мұндайда сөз болушы ма еді, сөзім жоқ, сөзім жоқ” дейді оның әнін бірінші рет естіп тұрған румын қызы.

Ал екінші қыз сан құбылған дауыстан есі шығып кетті: “Шын айтамын, Жер бетінде мұндай дауыс жоқ” деді өз таңданысын жасыра алмай.

Айта кететін жағдай, баға беруге ұсынылған Димаш әнін әлеуметтік желі қолданылушылары ең бірінші рет тыңдаған. Біз музыканы түсініп, оған баға берген адамдардың видеосының тек екі-үшеуін ғана ұсынамыз.

Димаш Құдайберген 21-қаңтарда “Қытайдағы “Мен әншімін” жобасының І-кезеңінде SOS d’un terrien en détresse француз әнін орындап, жеңімпаз атанды. Ал бүгін ол Витастың “Опера2” әнін орындамақ.

Димаш Құдайбергеннің өзі әлеуметттік желіге: “Байқауды бүгін Астана уақытымен 20.05-де Hunan TV телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар” деп жазды.

https://www.instagram.com/p/BPyIhXEF-72/?taken-by=sisiliyaa

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз