Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
9
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

Қырымтатар ұлт көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың зиратына барды

101

Мұстафа Джемилев 11 мамырда Германияда іссапармен болды. Ол Берлиндегі мұсылмандар зиратына тәу етуді жөн көрген.

Мұстафа Шоқай – Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көркемсөзші. Ол 1889 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған.

Мұстафа Шоқай 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады.

Алайда Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда Шоқай Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштерімен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды.

1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай (1941) Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.

Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті) қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен Мұстафа Шоқайға ескерткіш тақта орнатылған. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіш қойылған. Оның түркі дүниесінің бостандығы жолындағы қайраткерлік күресі жайлы «Мұстафа Шоқай» көркем фильмі түсірілді.

Мустафа Джемилев – сталиндік депортацияға ұшыраған, туған халқының тарихи атамекені – Қырымға қайтару мақсатында күресіп, 15 жылдан астам уақыт кеңес түрмелері мен лагерлерінде қамауда болған ұлткөшбасшысы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз