Досым, әрі әріптесім екеуміз Шымкенттен Алматыға келе жатырмыз. Осы сапардың алдында досымның әйелі оның смартфонын алған болатын. Бұған өзінің қарапайым телефонын берген еді.
Сол кезде ол әйеліне: – Бірдеңе тауып алсам не қыласың? деп әзілдеген еді. Әйелі Ажар: – сенен жасыратын ештеңем жоқ, деп күлімсірей қараған.
Кенет «ооо, шешең!» деп телефонын қолынан түсіріп ала жаздады. Ары қарай соңғы екі аптадағы әйелінің біреумен жазысқан хаттарын оқи жөнелді.
Әйеліне жазған еркек: – Қалайсың? Көріспегелі көп болды…
Ажар: – Иә, бірақ мен тұрмыстағы қызбын ғой
Еркек: Кездесейік та. Тым құрығанда бөксеңнен бір сипап, өткен жолғыдай тағы жасасам деп едім. Ұмыта алмай жүрмін.
Ажар: – Мен тұрмыстағы қызбын ғой..
Еркек: – Оның несі кедергі?
Ажар: – ммм… күйеуім қазір ұйқыға кетсін, сосын…
https://kaz.365info.kz/zhynystykh-khatynas-khanshalykhty-zhii-boluy-kerek-259497
Үнсіздік – досымның қаны басына шапты. Әңгімелесіп келеміз, әлі ештеңе түсінікті емес, бұл хаттар түсініксіз деп қоямын. Бірақ оның әйелін қорғайтын ештеңе таппадым.
Оның айтуынша, әйелін қыздай алыпты. Салмақты, байыпты қызды кездестірген соң үйленуді шешкенін айтады.
Тойдан соң, төсек қатынасы басталғасын, Ажар бейне бір бұғаудан босағандай күйге енген. Күнде, күніне бірнеше рет жыныстық қатынасты талап етеді екен.
Ал демалыс күндері мұндай төсекқұмарлықтан шаршаған досым біз – әріптестерімен немесе басқа да достарымен сыра ішуге кетіп жүретін.
Жалпы, Асқар тапқан-таянғанын әйеліне апарып беретін, әйелін сүйеді. Ал енді не болды?
https://kaz.365info.kz/k-jeuim-vatsapta-bir-yzben-s-jlesip-zh-r-ne-istejmin-245403
Сонда әйелі оның көзіне шөп салып жүргені ме? Ол әлі әйеліне айтқан жоқ. Алдымен бөтен адамдардың пікірін сұрап көрейік деп, мен жазып отырмын. Ажардан сұрауға болар еді. Бірақ, мен көзіңе шөп салдым деп кім мойындайды?
Білмеген болып жабулы күйінде қалдырса, әйелім өзге еркекке барып жүр деген оймен өмір сүру қиын ғой.
Не істеу керек?
https://kaz.365info.kz/kyjeuinin-kozine-shop-salgan-nazymnyn-okhigasy-248769
Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда
Жазып алған Аяжан Төрехан