Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ұлт жоспарына сай іске асы­рылған ауқымды ре­­форма – сот сатыларының оң­тай­лануы

Біріншіден, сот жүйесі жаңа заңдар мен Ұлт жоспарына сәйкес жүргізілген реформалар жағдайында жұмыс істеді. Жоғарғы сот аталған бағдарламалық құжатта өзіне жүктелген барлық міндеттерді мерзімінен бұрын орындады. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес судьялардың жаңа әдеп кодексі әзірленді. Ал оны қабылдау – судьялар съезінің айрықша құзыретіне жатады. Осы алқалы жиында сот жүйесіндегі іргелі реформалардың іске асырылу нәтижесі мен болашаққа бағытталған мақсат-міндеттер айқындалатын болады.

Ұлт жоспарына сәйкес іске асы­рылған ең басты ауқымды ре­­форма – сот сатыларының оң­тай­лануы. Нақтырақ айтар бол­сақ, сот төрелігі бес са­тылы жүйеден үш буынды (бірінші, апелляциялық және кас­­сация­лық) жүйеге көшті. Жаңа үш деңгейлі сот жүйесі 2016 жыл­­дың 1 қаңтарынан бас­­тап жұмыс істей бастады. Бі­рінші сатыдағы сот – ау­дан­­дық соттар, апелляция­­лық саты – облыстық соттар жә­не кассациялық саты – Жоғарғы сот деп белгіленді.

Негізінде, сот сатыларын қыс­қарту мәселесі әу баста-ақ Қазақ­стан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі ке­зеңге арналған құқықтық сая­сат тұ­жырымдамасында көз­дел­ген болатын. Аталған құ­жатта: «Сот жүйесін жетілдіру нә­тижесінде түрлі сот инстанция­лары функцияларының қо­сар­лануы жойылуға тиіс» делінген.

Сот сатыларын оңтай­лан­дырудың басты мақсаты – сот төрешілдігін қысқарту, азамат­тардың әуре-сарсаңға түсуіне жол бермеу және олардың сот процестерін қасақана соз­ба­лаңға салуын болдырмау, сот шешімінің қабылдануы мен оның орындалуын жеделдету арқылы азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін барынша жеңілдету.

Бес сатылы сот жүйесі Ке­ңес­тік кезеңнен қалған жүйе­ болғандықтан қоғам­ның сұ­ра­­нысын толық қанағат­тан­дыра алмады. Тұрғындар апе­л­ляциялық және кассациялық са­тылардың облыстық сотта шо­ғы­рлануының тиімсіздігін жиі сынға алатын. Расында да, кас­сациялық саты іс жүзінде заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау бойынша қадағалау қызметін атқаратын. Сондықтан да оның Жоғарғы сот деңгейіне шығарылуы – дер кезінде қа­был­данған дұрыс шешім деп есеп­теймін.

Орайы келіп тұрғанда кас­сациялық сот алқасына қаты­с­ты өзгерістерді де нақтылай кете­йін. Апел­ляция­лық соттың шеші­мі заңды күші­не енген соң, оны­мен келіс­пеген жағдайда тарап­тардың кассациялық сот арқылы Жоғарғы сотқа ша­ғым­дану мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл жерде кассациялық сотқа шағым­дану тәртібіне сай, тө­мен мөлшерде мемлекеттік баж салығын төлеуді енгіздік. Міне, осындай өндірістік про­цес­терден өткен істерді Жоға­р­-
ғы сот судьялары қарайды. Заң­­ға сәйкес негіздер бол­ған жағдай­ларда төменгі сот­тар­­дан келген шешімдер өзгеріс­сіз қалдырылады немесе олар қабылдаған шешімдер өзгерті­ліп, күші жойылады. Мысалы, заң­ға сәйкес сот ісін қайта қарау үшін соған негіз болатын жаңадан ашылған мән-жай­лар мен нақты фактілер бо­луы тиіс. Егер іс құжаттары толық жинақталмай келсе, оған ше­шім шығаруға құзыретіміз жоқ. Сондықтан да осы тұр­ғы­дан алғанда, істі қайта қарау үшін облыстық соттың апел­ляциялық сот алқасына қайта жібереміз. Ал құқықтық негізі жағынан келгенде, бізге дейінгі сот­тардың заң нормаларын дұ­рыс қолданбағандығын нақты атап көрсете отырып, шешім қабылдаймыз. Осы жерде аза­мат­тық істер алқасының судьялары істің күрделілігіне орай, тақ саннан құралып үшеу, бесеу болатындығын да ескерте кетейік. Өйткені, бұдан кейін­гі сатылық сот жоқ. Демек, кас­сациялық алқаның шешімі соң­ғы әрі заңды болып табылады.

Осы қадамды іске асыру 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексте және Қыл­мыс­тық-процестік кодекске өзгеріс­тер мен толықтырулар енгі­зу арқылы заңнамалық тұр­ғы­дан бекітілді. Бұл жерде тағы бір айта кететін жа­­ңа­шылдық – бұрын аудандық сот шешіміне келіспеген тарап (әсіресе, аза­мат­тық істерде) істі қайта қа­рату үшін жеке азаматтар 1 пайыз, ал заңды тұлғалар даулау қаржысының 3 пайызын мемлекеттік баж салығы ретінде төлеуі тиіс еді. Яғни, даулайтын жалпы соманың белгіленген пайызын алдын-ала төлемесең, сенің қайта арыздануға құқығың жоқ болатын. Міне, тап осы шектеуді біз жаңа заңнан алып тастадық.

Үш сатылы сот жүйесі – халық­аралық тәжірибеде бар үрдіс. Осы өзгерістің нәти­же­сінде сот төрелігінің қолже­тім­ділігі артып, түбегейлі шешім қабылдау мерзімі айтарлықтай қыс­қарды. Сот ісін жүргізудің бұл моделі халықаралық стан­дарт­тарға сай келеді және сот төрелігінің тиімділігін арттырды. Институтты реформаны іске асырылғанына аз ғана уақыт өткеніне қарамастан, талдау нәтижесі соттар жұмысы сапасының жақсарғанын көр­сетті.

Келесі бір маңызды та­қы­рыптардың бірі – сот мәр­те­бе­сіне қойылатын талап, тәр­тіп­­тер туралы айтсақ. Ұлт Жос­­пар­­ының 19-қадамында су­дья­­лардың есептілігін кү­шей­ту және судьялардың жаңа Әдеп кодексін әзірлеу бел­гіленді. Жаңа әдеп кодексін әзір­леу негізінде азаматтар судьялардың әрекетіне қа­тысты еліміздің Жо­ғарғы соты жа­нынан арнайы құрылған сот жюриіне ша­ғымдану мүм­кін­дігіне ие болды.

«Қазақстан Республика­сы­ның сот жүйесі мен судьяла­рының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Кон­сти­туциялық заңының 38-1-бабына сәйкес сот жюриі жұ­мыс істеп жүрген судьяның кәсі­би қызметін бағалау, судья­ның отставкаға шығу құқығын және оны тоқтатуды растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылды. Оның құрамында біліктілік және тәртіптік бағыттағы екі дербес комиссия құрылды.

Біліктілік комиссиясы­­ның құзыретіне қызметтегі судья­­лар жұмысының алғашқы жылы­ның қорытындысы және әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жо­ғары тұрған сот лауазымына ар­налған конкурсқа қатысқан жағ­дайда кәсіби деңгейіне ба­ғалау жүргізу мәселелері кіреді. Тәртіптік комиссия судья­ла­р­­дың әрекетіне қатысты арыз­дар­ды, соның ішін­де азаматтардан тікелей ке­ліп түскен шағымдарды қара­стыратын болады.

Жаңа заңға сәйкес сот са­ла­сын­­да 20 жылдан астам судья­лық жұмыс өтілі бар судья­лар кәсіби біліктілігін дәлел­деуден босатылады. Ал ондай өтілі жоқ судьялар әрбір бес жыл сайын өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдеп отыруы тиіс. Оны кімдер анықтайды? Бұл жерде Жоғарғы сот жанындағы Сот жю­риі алқасының мүшелері үміт­кердің ісін саралап, тара­зылай келе, бес жылдық білік­тіліктен өткен немесе өтпе­гендігін растай алады. Бұл Ел­­ба­­сымыздың айтып жүрген сот­­тарға қойылатын талапты кү­­шейтудің бірден-бір тетігі бо­лып табылады. Әрине, бұдан тыс судьялыққа үміткердің заң­­­герлік білімінің болуы мен оның жасына қатысты талап, мо­ральдық-психологиялық бол­­­мысы да мұқият назарға алы­нады. Соны­мен қатар, жеке басының жүріс-тұрысы мен тәртібінің саралануы да заңдылық.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға судьялардың жа­ңа Әдеп кодексін әзірлеуді тап­сырды. 1996 жылы 19 жел­тоқсанда судьялар I-съезінде қабылданған Судьялардың қол­даныстағы әдеп кодексінің ере­желері ескірді. Ол барлығы 7 баптан тұратын, әрине судья­лардың әдеп мінез-құлқының көп­теген аспектілерін қам­тымайды. Осыған байланысты су­дья­лардың әдеп нормаларын тала­птарын бүгінгі уақытпен үндестіру мақсатында Кодекс қайта әзірленді. Оның жобасы бойынша Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы сарапшылары тарапынан оң қорытынды алдық.

Негізінде, Жоғарғы сот пен­ Судья­лар одағы өзінің күн­­­­делікті жұмысында судья­лар­дың әдеп тәртібін ұстануына назар аударады. Барлық облыстарда Судьялар әдебі жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Судьялық лауазымға үміткерлер іріктеу барысында азаматтық қоғам өкілдерінен (ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері) құралған Қоғамдық кеңестің сынынан өтеді.

Сот төрелігін кәсіби сауа­тты және моральдық-адамгершілік бол­мысы мінсіз заңгерлер жү­­­зе­ге асыруы тиіс. Осы екі қа­сиеттің үйлесуі азаматтардың судьяға сыйластықпен қарауы­ның кепілі бола алады. Қоғам судьядан терең кәсіби біліммен қатар, жоғары моральдық-адам­гершілік қасиеттерді талап етеді. Осы ережелер толығымен қам­тылған жаңа кодекстің та­л­аптарын қызметтегі және отставкадағы судьялар қатаң сақтауы тиіс.

Жоғарғы сот Төрағасы Қай­рат Мәми өзінің бір сөзінде: «Ұлт жоспарын орындау нәти­же­сінде соттардың жұмысы жа­ңа деңгейге көтеріліп келеді. Олар неғұрлым кәсіби, жедел, ашық, қолжетімді, әділ әрі тәуе­лсіз бола түсті. Соттар­дың ашықтығын арттыру жөнін­де­­гі практикалық құралдар күшей­ті­луде. Азаматтар үшін бұл тек­ қана мынаны білдіреді – олар әрқашан өздерінің заң­ды мүд­делерін қорғау үшін сотқа жүгі­не алады, ол қорғауды қол­даныстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте алады», — деген болатын.

Расында да, Ұлт жоспары сот жүйесін айтарлықтай жаң­ғыртты. Бұған халықаралық ұйымдар тарапынан әзірленген рей­тингтер («Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі», «Douing Business») мен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер дәлел бола алады. Мәселен, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы тарапы­нан жүргізілген тәуелсіз сауалнама­ға қатысқан қазақстандық рес­­пон­денттердің 71,3 пайызы соттар жұ­­мысының сапасына толық қа­­нағаттанатындықтарын же­т­­кіз­се, Жоғарғы сот жүрг­і­зген онлайн-сауалнамаға қа­тыс­қандардың 77,3 пайызы сот са­тыларын оңтайландыру сот төрелігінің тиімділігін арт­тыруға септігін тигізді деп есептейді. Міне, халықара­лық ұйымдар мен азаматтардың берген жоғары бағасын еліміз­де жүргізілген сот-құқықтық реформалардың нақты жемісі деуге болады!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз