Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ұлт жоспары аясында азаматтық қоғамды дамыту жұмыстары сараланды

199

Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені, азаматтық қоғамды қалыптастыру, дамыту бағытындағы жұмыстар Тәуелсіздік жылдарында қолға алынған ауқымды шаралардың бірі ретінде сипатталады деп жазады “Егемен Қазақстан” газетінде жарық көрген мақаласында Алматы қаласы «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева.

Жалпы, демократия шарттарын басшылыққа алған, оны негізгі ұс­ты­ны еткен кез келген мемлекеттің сая­си-әлеуметтік өмірінде азаматтық қо­ғам үлкен маңызға ие. Оның қызметі қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру, ұйыстыру деңгейімен өлшенеді.

Қазіргі таңда азаматтық қоғам ту­ралы түрлі көзқарастар, түрлі тү­сініктер бар. Дегенмен, азаматтық қо­ғам мемлекет пен азаматтар ара­сын­дағы сұхбатты жүзеге асырады, өкімет, билік құрылымдарынан тыс­қа­ры жатқан әлеуметтік байланыс­тарды нығайтады деген түсінік берік қа­лыптасқан. Осы арада біз азаматтық қo­ғaмның дамуына арналған түрлi әлеу­меттiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары мемлекет арқылы жүзеге асатынын ескеруіміз керек.

Қазақстанның қарқынды дамуы азаматтық қоғамның әлеуетіне, аза­мат­тардың белсенділігіне тікелей бай­ланысты. Қазақстанның әлеу­мет­тік саладағы мемлекеттік саяса­ты халықаралық тәжірибелерге сүйе­ніп жүргізілуде. Сондай-ақ, біз­дің еліміз түрлі салалар бойын­ша көптеген мемлекеттермен, халықаралық ұйым­дармен әріптестік орнатып, өзара ынтымақтастықты жолға қойған. Мұның барлығы еліміздегі әлеуметтік салаға, азаматтық қоғамның қыз­меті­не оң әсерін тигізуде.

Қазіргі таңда елімізде «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы және «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары аясын­да азаматтық қоғамды дамыту жұ­мыс­та­ры белсенді жүргізілуде.

Осы арада тоқтала кетер жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы «Еркін, тиімді және қауіпсіз қо­ғамға қадам» атты Қазақстан ха­л­қына арнаған Жолдауында үкі­мет­тік емес ұйымдарды кешенді түр­де қолдау қажеттігіне баса назар аударылды. Осының арқасында елі­міз­де азаматтық қоғамды нығайту, қо­ғамдық институттарды дамыту ісінде ілгерілеушілік болды. Бұл өз кезегінде қоғамымыздағы түрлі салалардың бір-бірімен лайықты үнқатысуына мүмкіндік берді. Нақтылай айт­қан­да, үкіметтік емес ұйымдар, мем­лекеттік органдар, кәсіпкерлер елі­міздегі экономикалық, әлеуметтік мә­се­лелерді, коммерциялық емес жо­баларды бірлесе талқылап, түрлі жағ­даяттарға қоғам назарын аудара білді.


Сонымен қатар, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық институттардың жұмысын жандандыру бағытындағы жұмысын ерекше бөліп айтуға болады. Елбасы бекіткен, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да қоғамдық-саяси мақ­саттарда құрылған коммер­ция­лық емес ұйым болып табылатын бұл құрылым Қазақстанның демок­ра­тия­лық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік бағытталған мемлекет ретінде қа­лыптасуына зор үлес қосуда.

На­қ­тылай айтқанда, қазақстандық пат­риотизмді насихаттау, қоғамдағы ру­хани бастамаларды қолдау, мә­де­ниет­ті, білім мен ғылымды дамыту, ел бірлігін қамтамасыз ету, экономи­ка, мәдениет, ғылым, ағарту және ден­саулық сақтау салаларының дамуына үлес қосу секілді ізгілікті і­стер­ді жүзеге асыруға белсене қа­ты­сып жүрген Қордың жұмысы кө­ңіл марқайтады. Әсіресе, Қордың жас ғалымдарды қолдау, студенттер мен ғылыми ұжымдарды ынталанды­ру бағытындағы қызметі ерекше. Со­ны­мен қатар, қайырымдылық шараларды ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мәселесіне де аталған құрылым баса назар аударып келеді.

Әр жыл сайын Қор ел азамат­та­ры­ның өз армандары мен идеяларын жүзеге асыруға көмектесудің жарқын үлгісін көрсетіп жүр. Елбасы қорының аясында ұйымдастырылған түрлі байқаулар, мәдени-танымдық шаралар көптеген жастардың жолын ашып, өмірден өз орнын табуға жәрдемдесуде. Осы байқауларда тек же­ңімпаздар мен жүлдегерлерді ғана марапаттап, оларға арнайы грант­тар бөліп қана қоймай, барлық қа­ты­сушыларды ынталандырып отыратынын айтпай кетуге болмас.

Қордың дәстүрлі түрде жариялап келе жатқан әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауларының басты ерекшеліктері тұрғысында айтар болсақ, бұл шараға елімізде тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдар мен олардың өкілдері қатыса алады. Бұл алаңда азаматтар жаңа әріптестер тауып, өздерінің тәжірибелерімен бө­лісіп, толғандырып жүрген ойларын ор­таға сала алады. Сонымен қатар, кон­курс аясында үкіметтік емес ұйым­дар ұсынған әлеуметтік жобалар­ды қаржылындыру мүм­кіндігі қарастырылған. Байқау же­ңім­паздары мен жүлдегерлерін құра­мында Мә­жі­ліс депутаттары, ға­лым­дар, үкі­мет­тік емес ұйымдар мен БАҚ өкіл­дері бар тәуелсіз комиссия әді­летті түрде анықтайды.

Қор өз қызметін бастағалы бергі аралықта Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы шеңберінде 200-ден астам қоғамдық бірлестікке қаржылай қолдау көрсеткен. Мұны біз елімізде азаматтық қоғамды қолдаудың бір көрінісі деп айта аламыз.

Азаматтардың белсенділігін арт­­тыру жұмысын өзінің басты мін­­деті санайтын бұл байқауға «Қайырымдылық ұйымдар қауым­дастығы», «Дағдарыстар орталығы ода­ғы» секілді ірі қоғамдық бір­лес­тік­тердің де қатысуына мүмкіндік бе­ріл­ген. Олардың ұсынған жоба­лары­на да тиісті қаржылай қол­дау көрсетілуде.

Байқау барысында тек рес­пуб­ликалық және аймақтық қоғамдық бір­лестіктердің ғана емес, аудан, ауыл деңгейіндегі ұйымдардың да бел­сенділігі байқалуда. Мәселен, 2013 жылы Ақмола облысы, Арнасай ауылы­ның азаматы әлеуметтік идея­лар мен жобалар байқауының жеңім­пазы болып танылды. Жобаны жүзеге асырудың арқасында жерасты
жылыжайы салынды. Бүгінде ол жыл бойы ауыл мектебі мен балабақшасын көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.

Ерекше айта кетер жайт, қазақ­стандық жекелеген азаматтардан, ауыл мектептері оқушыларынан, шағын қалалардағы бірлестіктерден тама­ша жобалар ұсынылып ке­леді. Атап айтар болсақ, былтыр біз Алматы облысы Үшарал қаласы «Алакөл Қамқор» қоғамдық бірлестігіне қолдау көрсеттік. Бұл көмектің арқасында қалада жастарды жұмысшы мамандықтарға оқытатын орталық қызмет көрсете бастады. Мұнда жастар тек мамандық игеріп қана қоймай, бизнес-жоспар жасауды үйренеді, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалармен және басқа да игіліктермен танысады.

Негізінде байқауда аса қажетті, жаңашыл, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешетін, озық техноло­гиялар мен тың тәсілдерді ұсынатын жо­баларға мән-маңыз беріледі. Дәлі­регі, өмір сүру сапасын арттыруға ық­пал ететін, қоғамға серпін бе­ре­тін, талайлардың үмітін оятып, жі­ге­рін жанитын жобалар назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2013 жы­лы Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы қо­ры­ның қаржылай қолдауымен көз­дері нашар көретін балаларға арнал­ған «Жанасу бейнесі» (Образ на ощу­пь) атты мүсіншілер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл интерактивті жоба қоғамымыздан қызу қолдау тапты. Балалардың жасаған мүсін­де­рі Ә.Қастеев атындағы өнер мұражай­ы­на қойылды.

Сонымен қатар, біз екі жыл қа­та­рынан Павлодар қаласындағы «Дәрігерлер нашақорлыққа қарсы» коммерциялық емес ұйымының жобасына қолдау білдірдік. Осы жоба шеңберінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде нашақорлыққа салынған азамат тез арада райынан қайтып, жаман әдетін тастап, қалыпты өмір сүруге бет бұрды.

Осындай жобалардың авторлары өз еңбектерінің жемісін көргенде ерекше жігерленіп, бір жобамен ғана шектеліп қалмай, қоғамымызға пайдасы тиетін игі идеяларын ұсынатынын жиі көріп жүрміз. Бұл шын мәнінде азаматтардың қоғам өміріне белсене араласуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жы­­­­лын­­да көптеген толайым та­бы­с­­­­­тарға жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген сали­қа­лы сая­­саты санамызды өсіріп, өрі­сі­­міз­ді кеңейтіп, абыройымызды асы­р­ғаны анық. Ең бастысы, біз Тәу­елсіздік жылдарында басты құн­ды­лықтарымызды анықтап алдық. Бұл өз кезегінде мақсатымыздың ай­қын­ды­ғын, алда тұрған міндеттердің нақ­тылығын аңғартса керек.

Осы мақ­сат-міндеттердің барлығы қо­ғам­ымыздағы келісім мен татулықты нығайтуға бағытталғанын ескерер болсақ, онда біз қоғамдық инс­титуттардың жұмысын жүйелі әрі сауатты түрде ұйымдастыруға назар аударғанымыз жөн. Өйткені, бұл саланың қызметі, әрекет ету деңгейі еліміздің дамуына тікелей әсер етеді. Нақтылай айтқанда, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығы, ортақ мүддеге түсіністікпен бірлесе ұмтылуы – кемел келешектің кепілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз