Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Лондонда «ақылды көше» пайда болды

Оксфорд – Лондондағы ең танымал дүкендер мен сауда орындары орналасқан, халық көп жүретін көше. Жыл сайын бұл жерді шамамен 200 млн адам аралайды. Бірақ интернет арқылы сауда жасайтын онлайн дүкендер ашылғалы келушілер саны қысқара бастаған. Өйткені жұрт тауарды үйінде отырып таңдайды. Ал жергілікті кәсіпкерлер жаңа технологияның көмегіне жүгініп, тұтынушыларын қайтаруға тырысып жатыр. Сол үшін Оксфордқа көрші Берд көшесін экологиялық таза, ақылды әрі сауда жасауға қолайлы орын етті.

Дэвид Харви, Вестминстер қалалық кеңесінің мүшесі:

– Оксфордпен қатар оның маңайындағы көшелер де осындай технологиямен жабдықталады. Бұл жерлер адамдар сауда жасау үшін ғана емес, жалпы қыдырып, серуендейтін көшеге айналуы тиіс. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндағы әрбір затта жаң технологияның үлесі бар, бірақ қонақтар оның барлығын байқай бермейді.

Дэвид Харви, Вестминстер қалалық кеңесінің мүшесі:

– Байқасаңыз маңайда көкшіл түске боялған зат көп. Бұл түс ластанудан қорғайды. Олар кәдімгі орман сияқты. Алдағы уақытта шаһардағы үйлер де осы түспен боялады деп ойлаймын. Тағы бір ерекшелік – жаяу жүргіншілер жолы. Бұл жолдың үстімен жүрген әрбір адам электр энергиясын өндіріп жатқанын өзі де байқамауы мүмкін. Ал жиналған қуат, көшені жарықтандыру мен әуен қосуға жұмсалады.

Алекс Джонсон, жоба жетекшісі:

– Адам плита үстімен жүргенде қадамының кинетикалық энергиясы электр қуатына айналады. Осының арқасында құстардың үні ойнап, жарық шамдар жанады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер смартфон арқылы өзінің қанша қуат өндіргенін анықтап, сол бойынша арнайы жеңілдіктер алады. Тың технология мұнымен таусылмайды. Смарт көшеде ауа тазартқыш орындықтар да қойылған. Қонақтар мұнда келіп таза ауамен тыныстай алады.

Авторлары: Талгатбек Абдухожаев, Асем Хасенкызы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз