Инстаграм желісінде aeka.posh деп танылған Айымның танымалдылығы күн санап артуда. Оны тек бет әрлеуші маман ретінде танитын халық, енді басқа қырынан танып жатыр. Видеода Айым танымал жас әнші Дәулет Болатовпен ән шырқайды. Видео астына : “Жай ғана ән жазып көрдік. Оның даусы керемет. Ал мені қатты сынамауларыңызды сұраймын”, деп жазды Кәденованың келіні.
https://kaz.365info.kz/zhlyomana-samana-set-ms-sajlaubek-khajda-zhogalyp-ketti-video-281352
Ал желі қолданушылары Айымның әншілік қабілетіне таң қалып жатты:“Аека, тамаша! Керемет орындап шықтыңыздар!”, “Сонша бояудың не қажеті бар?”, “Даусыңыз сондай керемет екен”, “Сіздің даусыңыз мұншалықты керемет деп ойламаппын!”, “10-рет тыңдап жатырмын. Сондай керемет!”, “Осы өлеңді толық орындап шықсаңыздар, тамаша болатын еді” деп жазады желідегілер.
Ал, отбасылық мәселесіне келетін болсақ, Айым халыққа сырын ашып ақтармаса да, кей жазбаларынан жабыраңқы көңіл күйін байқаймыз.
https://kaz.365info.kz/bayan-esentaeva-bojzhetkenderge-mysykhtaj-boludyn-khypiyasyn-ashty-281294