Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Латынға көшкесін…”. Жеке куәлікті қашан және қалай ауыстырамыз?

Жаңа әліпби бүгін-ертең қолданысқа енгелі жатқан жоқ. Біраз талқыланады. Сарапқа салынады. Сыни пікірлер ескеріледі. Қоғамның ой-пікіріне құлақ түріледі. Үкімет латынға бүгін көшкелі отырған жоқ. Кезең-кезеңімен көшпек. Бұған қатысты нақты жоспар жасалып қойған. Мұның аясында ақпараттық, заңнамалық, білім беру мен ұйымдастырушылық шаралар өткізіледі. Жаңа әліпбиге осының негізінде көшетін боламыз. Сайып келгенде,

жеке куәлікті бір сәтте ауыстыру жұмысы жүргізілмейді. Латынға көшкесін, сол кездегі жаңа құжаттар латын әліпбиінің негізінде рәсімделеді.

Бұл бұдан бұрын кириллицамен рәсімделген құжаттар қолданыстан шығады деген сөз емес. Олар да жарай береді.

Тек уақыт келе, мерзімі аяқталғасын барып, жаңа әлипбиде толтырылған құжаттармен алмастырылады.

Екінші сауал

Жекенің қолындағы және мемлекеттің қарамағындағы ақпарат құралдары латынға қашан және қалай ауысады? 

Ілгеріде айттық. Дайындық кезеңі бар ғой. Әліпбиге дайындық кезеңін артқа тастағасын, оны кіріктіру науқаны басталған тұста өтуі, ауысуы тиіс.

Қай жылы дейсіз бе? 2020 жылы.

Мұнда да басы-көзі жоқ, ауыса салмайды. Мұнда да жоспар бар. Мемлекетке қарасты қағаз басылымдар мен электронды басылымдар біртіндеп, жүйелі тәртіппен латынға көшеді.

Жекелерге келсек, олар да жалпы көшке ілесуі керек. Әрбірден соң, латынға көшуге олар өзі мүдделі болуы тиіс. Бұл орайда, олар мемлекеттік БАҚ-тың алдын орап кетуі мүмкін. Билік бұған қуанбаса, қайғырмайды.

Үшінші сауал

Латын әліпбиі іс-қағаздар өндірісіне қалай кірікпек? 

Кәдімгідей. Бұл арада да ілгеріде айтқан дүниелерден аса айырмашылық жоқ. Әліпбиді іс-қағаздар өндірісіне кіріктіру дайындық кезеңін артқа тастағасын, әліпбиді қабылдағаннан кейін екі жылдан соң, жүзеге асады.

Екі жыл үшін не керек? Осы мерзім ішінде құжатпен жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері, жалпы іс-қағаздар жұмысына жауапты адамдар әліпбиге көшуге әбден төселуі тиіс. Бұл арада да берекесіздік болмайды. Нақты жоспары жасалған.

Іс-қағаздарды латын әліпбиіне көшіретін мамандар әзірленіп, халықтың қажетіне жарауға дайын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз