Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Латын әліпбиі: мақсат айқындалды

212

“Көш жүре түзеледі” дейді. Бәлкім, бұл өзгерістер де елімізді жаңа деңгейге көтеретін шығар. Бұл тұрғыда танымал сарапшылар өз ойын ортаға салған екен. 

Саиров не дейді? 

Айталық, саясаткер Ерлан Саиров былай дейді: 

“Бүгін, Қазақстан Республикасының Президенті өз Жарлығымен «Елімізде латын графикасына өту» жөнінде шешім шығарды.

Бұл қадам, Қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлық әсері бар шешім!

Осынау шешім, Қазақ ұлтының, біздің халықтың рухани-гуманитарлық беталысын, бағытын анықтайтын бірден-бір жол. Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновацияларды еселене пайдалану мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады. Біздің балаларымыздың осындай жылдам да, өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болуы жеткіліксіз, олар осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.

Сондықтан да, латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін жаңа атрибут! Осы тұрғыда, латын графикасын енгізу мәселесінде ұлт болып, қоғам болып ат салысатын уақыт жетті! Дәл қазір әр-бір азамат өз азаматтығын көрсетуі қажет.

Графика дегеніміз қатып қалған догма емес, «керуен жүре түзеледі», уақыт пен заман үрдісіне қарай әліпби де өзгеретін болады.

Қазіргі мәселе, осы саяси, гуманитарлық қадамды қолдау!

Бүгінгі елімізге ұлтты жұмылдыра алатын, замануи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет.

Латын қарпін енгізудің ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр! Жаһандану процессі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін көрсетіп отыр! Осынау рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарышты даму үшін әрдайым ізденіс үстінде болу шарт.

Біз әлемдік мәдени кеңістікте рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек!

Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады! Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы «рухани лифті», іргетасы болмақ.Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан, латын қарпін қолдаймыз! Болашағыңа ат салыс!  «Латын әрпі – ұлттық кодымызды өркендетудің жолы.

 

Қарин не ойлайды? 

Картинки по запросу ерлан карин

Бұл тарапта өз пікірін ортаға салған Ерлан Қарин “бұл бүткіл ел үшін шешуші сәт” деген пікірде. 

“Әрине, ұнататындар да ұнатпайтындар да болады, бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес, оны талқылаудың барысында да көрдік.

Бұрын айтқанымдай, бірде бір елде тіл реформасы, әліпби ауыстыру мәселесі осындай кең түрде талқыға салынбаған болатын.

Дегенмен, қазіргі қабылданып жатқан шешім – еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс. Тіпті, бұл тәуелсіздікті иеленгеннен кейінгі тарихи маңыздылығы жағынан екінші үлкен қадам деп айтар едім. Себебі бұл біздің өркениеттік таңдауымыздың нақты көрінісі. Қалғаны өз қолымызда – бүгін латын әліпбиінің қабылдануы ертең-ақ бірден оның қолданысқа енгізілетінін білдірмейді.

“Алда 8 жыл қыруар жұмыс күтіп тұр”

Сарымның пікірі қандай? 

Ғалымдар мен тілтанушылар латын әліпбиінің осы күнге дейін түрлі нұсқасын ұсынды. Елді шулатып, дизайнерлердің жаңа топтамасында орын алған “saebiz” біраз талқыға түскені рас. Айдос Сарым бұл тұрғыда әліпбидің  дұрыс нұсқасын жарияласа дейді:

“Баяғыда “Басталды Қазақстан фестивалі” деген сөз бар еді. Не болса да басталды. Басы қатты болса, аяғы тəтті болады дейтін бе еді? Бəрімізге ақыл мен парасат берсін Жаратқан! Дұрыс нұсқасына келейік дегенмен”, дейді Айдос.

Десе де, бұл шешім- маңызды шешім. Елбасының Жолдауында латын әліпбиіне 2025 жылға дейін көшу арқылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс екен. Тек, тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтін – мәңгүрттіктен сақтансақ, кез-келген асуды аларымыз анық. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз