Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Лақап аты – Әділ Қытай”. Атақты Сары Алмастың серіктесі ұсталды (фото)

975

2017 жыл, 30-мамыр. Түн ауған шақта ҰҚК және Ішкі істер қызметкерлері Әділ Қытай ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығын құрықтау мақсатында арнайы операция жүргізді. Бұл топ бүгінге дейін кәсіпкерлерді тонап келген, Қытай мен Қазақстан шекарасында контрабандамен айналысқан, адам ұрлаған, тапсырыспен кісі өлтірумен айналысқан. Басқа да былықтары жетіп артылады. 

Операция барысында қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық танытты.

Соның салдарынан арнайы жасақтың бір қызметкері аяғынан жарақат алды. 

Қару-жарақ

Операция барысында қылмыстық топтың 16 мүшесі ұталды. Олардың ішінде 51 жасар Әділжан Зайнаудин де бар. Оның лақап аты “Әділ Қытай”. Бұл қауымдастықпен байланысы бар деген күдікпен Әуезов ауданы Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция полковнигі Бақыт Қасабеков та құрықталды. 

Күдіктілердің үйін тінту барысында қымбат көліктер, ақша және алтын бұйымдар табылып, тәркіленді. 

Қару-жарақ санында да есеп жоқ. Автомат, қосауыз, тіпті, “гранатомет” те табылды. Есірткі өз алдына.

90-шы жылдар

Сонда “Әділ Қытай” деген кім? 

ҰҚК қызметкерінің сөзіне сілтеме жасаған Еуразия арнасының хабарлауынша, аталған қылмыстық қауымдастық Алматы және Алматы облысын торуылдаған. Бұл топ жалғыз емес. Жалпы, дәл осындай 5 қылмыстық топ бар. 

https://kaz.365info.kz/tanymal-nshi-zini-ylmys-lemini-serkesi-sary-almasty-jeli-bol-anyn-mojyndady-foto-video-233457

Ал қылмыс әлеміндегі жолын Әділжан Зайнаудин 90-шы жылдардың басында бастаған. 

Ол кездері Алматы қаласын ел-жұрт “Рыжий Алмаз” ретінде білетін Несіпбай Нәсеновтың қылмыстық тобы “билеп-төстеп” тұрған-тұғын. 

Нәсенов өлгеннен кейін оның қарамағындағылар жеке – жеке кетіп, бөлек-бөлек топ құрады. Атап айтқанда, бұлар ” «4 брата», «Айшуақ Жантүгел», «Әділ Қытай», «Шпек» және тағы басқалары.

Сол күнгі операциядан Зайнаудиннен бөлек, қылмыс әлемінің тағы бір серкесі Руслан Рамазан да ұсталды (лақап аты Шпек). Операция Көксай ауылында жүрген.

Рамазан да небір қылмыс жасапты. Кәсіпкерлерді тонаған, адам ұрлаған, тапсырыс арқылы кісі өлтірген. Мұнымен қоймай, шетелдік қылмыс әлемінің серкелерімен байланыста болған.

Олардың арасында ресейлік Саду Әлиев пен қырғыз Қамшы Асанбек те бар. 

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразовтың айтуынша, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

https://kaz.365info.kz/ryzhij-almaz-kim-edi-video-233783

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз