Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Лайық емеспін…”. Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапат алғанын сынағандарға жауап қатты…

266

“Әрине, жақсы қабылдадым. Қуанып қалдым. Неге менің тарапыма соншалықты жағымсыз пікірлер жазылғанын білмеймін. Мүмкін дәл мені президенттің өзі жеке құттықтағандықтан шығар… Басқалардікі соншалықты жарқ етіп көрінген жоқ. Ал шын мәнінде биыл орден мен медаль көп адамға берілді”, – деп ақталды Әсел.

Сәдуақасова еңбегінің еленгеніне бір жағынан қуанғанын, ал екінші жағынан өкінгенін айтады. Себебі:

“Менің марапатыма келсек, көрерменіме мың алғыс.

Шынымды айтсам, өзім де соған лайықпын ойламаймын.

Бірақ екінші жағынан қарасаң, бұл алға қарай жетелейтін жақсы дүние. Енді алда жоспар көп, халықтың игілігіне орай жұмыс істей беремін”, – деді Әсел ағынан жарылып.

Айта кетейік, алғашқыда “Дауыс International” тобында ән салып, танылған Әсел соңғы жылдары тек кино түсірумен айналысып жүр. Аяқталуға қалған 2017 жылы Әселдің бірнеше кинокартинасы көрерменге ұсынылды. Олардың қатарынды “Келинка тоже человек” фильмі көрермен мен киносыншылар көңілінен шықты. Сондай-ақ, Әсел продюсерлік еткен “Ninety one” фильмі әсіресе, музыканы сүйетін жандарға қатты ұнады. Бірер күн бұрын “Пять причин не влюбиться в казаха” атты су жаңа кинокомедияның ел назарына ұсынылғанын да айта кетейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз