Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Лайық емеспін”. Жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа өкпесін айтты

233

Әнші өзінің айтулы кештен құр қайтқанын Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Әнші “Кешірім жоқ” әнін орындаған сәтінен видео жүктеп, астына: “Мен жыл таңдауына лайық емес екенмін. Осы жылы дым істемеппін ғой. Фонограммамен айтуым керек еді. Рахмет, жылдың таңдаулары”, – деп жазды ол.

Әбдіжаппар Әлқожаның бұл жазбасын оқыған көпшілік, әншіге басу айтқан.

“Сол жүлдені алмасаңыз болмайды ма?”, “Сізді онсыз да жақсы көреміз”, “Жыл таңдауын” қайтесің? Тойдың әнін орындап, хит болып жүре бер. Сенің орның тойда ғой”.

“Сол үшін Ернар Айдардың әнін ұрламау керек еді”, “Өкпеңіз орынды. Алайда мойымаңыз” деп көпшілік түрлі пікір білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Ернар Айдар орындап шыққан “Екеумізде бір жүрек” әнін Әбдіжаппар Әлқожаның “Кешірім жоқ” деген атаумен орындап шыққанын жазған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз