Алматыда полицейлер шіркеулерге тас лақтырған ер адамды ұстады.
30-35 жастағы еуропалық нәсілді ер адамның бұзақылығы туралы мәлімет түнде Алматы жедел басқару орталығының “102” пультіне хабар түскен. Полиция мәліметінше, ол 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде орналасқан Вознесенский кафедралық соборының терезісін сындырған.
“30 минуттан соң ол Бостандық ауданындағы Алатау ауылындағы Петр мен Павелдің храмына келіп, терезелерін шаққан. Жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларын қарап шығып, қаскөйдің алматылық 1984 жылғы Л.Иванов екені анықталған. Оның көлігін тексеру барысында салоннан тастар табылған”, – деді полициядағылар.
Бұзақы өз кінәсін толығымен мойындады.
“Ол бұрындары дін қызметкерлерімен араздасқанын айтып, сол үшін де осылайша кек қайтармақшы болғанын жеткізді. Негізгі мотив тергеу барысында анықталатын болады”, – деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.