Құрғақшылық ауыл шаруашылығына тікелей әсер етті. Мал өсірушілер малға азық таба алмай сойып жатыр, сарапшылар ет бағасы өседі деп отыр. Бірақ нанның жағдайы не болады? Өйткені, құрғақшылық бидай алқаптарын да аямайды.
Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган белгілі бір санаттағы тауарларды экспорттауға тыйым салу шаралары жақсы емес деп санайды. Бірақ шикізатқа қатысты шектеулер болмаса тағы болмайды. Қазіргі жағдайда астық үшін.
– Яғни, не көлеміне қарай шектеу қою, не баж салығын, не квота белгілеу керек
Бүгінгі таңда астық үшін құрғақшылық қаупі бар. Өткен жылдағыдай егін өнімі жақсы болмайды. Бірақ пессимистік болжам екі апта бұрын айтқандағыдай емес. Сонымен қатар, Ресейде егіннің мол шығуына байланысты қазір астық бағасының төмендеуі байқалады. Бұл бізге Ресеймен шекаралас аймақтарындағы астықтың көп шығуы оның бағасын тұрақтандырушы фактор болады деген үміт береді.
Сондықтан астық бағасының күрт өседі деп ойламаймын. Ең жоғары өсім 10% болуы мүмкін. Бұл маусым бойы созылмайтын уақытша құбылыс болады”, – деп болжайды Ган.
Нан бағасына келетін болсақ, сарапшының пікірінше, олар астықтан сәл өзгеше қалыптасады.
“Егер астық құны шартты түрде 20% – ға өссе, онда нанның құны ең көп дегенде 3%-ға қымбаттайды. Өйткені көптеген басқа компоненттер әсер етеді – электр энергиясы, су, май, қаптамасы және т.б. Нанды әкімшілік реттеу тұжырымдамасы туралы да ұмытпаңыз. Бізде әрқашан әлеуметтік нан бар», – деп түйіндеді Ган.