Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Күніне екі қорап темекі тартатын баланың тағдыры қалай болғанын білесіз бе? (фото, видео)

221

Жалпы, Индонезияда баланың темекіге әуестігі таң қаларлық жағдай емес. Мұнда балалар 10 жастан бастап темкекі шеге береді, оған ешкім тыйым салмайды. Сол секілді Ардидің де әке-шешесі баланың темекі тартатындығына еш алаңдамаған. Орталыққа анасы баласын дәрігерге әкеп көрсеткенде :

„Күнде темекі сатып алуға ақшамыз жоқ, ал баламыз „ақша жоқ„ дегенді ұқпайды, үнемі қылқылдап, басын қабырғаға ұрып, жылап, мазамызды алады„

деген. Ал әкесі: „Жігіт емес пе, онда тұрған дәнеме жоқ„, – дейді.

Бұдан соң бала арнайы сауықтыру орталығына орналастырылған. Бірақ үлкендерге көрсетілетін процедуралар балаға жарамаған. Сондықтан оны оңаша жалғыз қалдырып, сыртынан бақылаған. Темекі бермеген соң бала тамақты көптеп сұрай бастапты.

Бастапқыда бала темекі тастағанымен, бірақ күн санап салмақ қоса бастаған. Оның салмағы 150 келіге дейін барыпты.

6 жасында бала осындай күйге түскен. Бұдан соң Ардидің мәселесін өз қарауына алғандар өз жауапкершілігінен бас тартпай, енді оның тамаққа деген тәуелділіген арылуға көмектескен.

Баланы диетаға отырғызып, аз тамақ жеуге бейімдеу оңайға соқпапты. Дегенмен ол қазір салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің жасына сай қалыпқа келіпті.

Енді ол темекіге мүлде жоламайтынын, сол секілді диетаны бұзбайтынын айтады. Өйткені басынан өткен жағдайлар оның маңдайына қатты тас боп тиген секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз