Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Күнде түнде барады..”. Ақтөбеде ректор университет ішіне сауна соғып алыпты (видео)

254

Жұмысшылардың сөзінше, оларға университеттің қарызы 16 миллион теңгеге жеткен. Бірақ құжат жүзінде ешбірімен келісім-шарт жасамапты. Ректордың өзі жалақыларын даулап келгендермен жүздесуден бас тартты. Керсінше, оларды сотқа беремін деп отыр. Ал білім ордасының басшыларына арналған саунаға жөндеу жасамақ тұрмақ, ондай демалыс орны атымен жоқ дегенді айтады.

“Мен сотқа беремін. Бұл менің жеке басыма және университет беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл  сауна ашып  ойын-сауық жасайтын жер емес”, деді ректор.

Ең қызығы ректор қанша ақталғанымен, университетте басшыларға арналған сауна бар болып шықты. Жұмысшылар жөндеп қана қоймай, бастықтардың әр қыдырысынан кейін тазартып қоюға мәжбүр болған.

“Бұл жақта сауна бар. Бұл жаққа ешкімді кіргізбейді.

Бастықтардың өздері түсіп жүрген ғой яғни.

Себебі қыздар бастықтардан кейін барып сол жерде жуып жүрді”, деді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Жөндеу жүргізілген университет бөлмелерін көруге ректор рұқсат бергенімен, неге екені белгісіз сауна жаққа баруға тыйым  салды. Ал ақшаларын даулаған жұмысшылар еңбек инспекциясы мен прокуратураға арызданбақшы. Сондай-ақ тендерсіз жөндеу жүргізе беретін мемлекеттік мекемені толық тексеруден өткізу керектігін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз