Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Күл-талқанын шығарды”. Айқынның продюсері Баянмен “тіресіп” қапты

Продюсер әншіге өнерлік қана емес, өмірлік тақырыптарда кеңестерін айтып отыратындығын жасырған жоқ.

“Мен оларға дәріс оқымаймын. Олар менің жүріс-тұрысыма қарап бой түзейді. Мен оларға айтқан сөзіңде тұру керек екенін, әр ісіңе жауап беру керек екенін үнемі айтып отырамын. Мәселен, бірде бізді бір шараға қатысуға шақырып, 1000 доллар ұсынды. Аз уақыттан соң дәл сондай бір шараға қатыссақ, 4000 доллар береміз деген ұсыныстар шықты. Алайда оларға жауапкершілік пен келісім маңызды екенін айтып, біз бастапқы шақырған жерге бардық. Ақшасы аз болса да, сөзімізде тұру үшін осылай істедік”, – деді ол.

Мұндай сыбысты ол алғаш рет Баян Мақсатқызының аузынан естіген екен.

“Мен бұл жаңалықты алғаш рет Баянның аузынан естідім. Мен оған сол күні хабарласып едім, ол тұтқаны көтермей қойды. Баян маған: “Сенің ұлдарың менің жобамның күл-талқанын шығарғаны үшін саған рахмет”, – деді. “Неге, не болды?” деп сұрадым. Дәуреннің жағдайы түсінікті, бірақ ол маған Айқын туралы айтты. Мен түсінбей, Айқынға звондай бастадым…

Мен олардың ісін таразылай алмаймын, мен оларды өмір сүруге үйрете алмаймын, себебі бұл – олардың сезімі, олардың өмірі. Мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймын, яғни одан еш нәтиже шықпайды. Олар мұны өздері түсініп, өздері бұл жолды жүріп өтуі керек. Біреу үшін бұл – дұрыс, біреу үшін – дұрыс емес.

Біз ол туралы сөйлестік. Бастысы Айқын материалды тұрғыдан барлығының жағдайын жасап отыр”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз