Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-14
USD
420
0.00
EUR
501
0.00
RUB
5.62
0.00

“Кулагин кетті”. Үш облыстың басшысы ауысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты таныстырды.

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. Мамандығы – инженер.

Түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Еңбегінің соңғы жылдары, атап айтқанда, 2010-2014 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Мәлік Мырзалин

 

Ал Ақмола облысының әкімі Кулагиннің орнын Мәлік Мырзалин басты. Мәлік Мырзалин 1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебінде (АҚШ) біліктілігін арттырудан өткен. Саяси ғылымдарының кандидаты, ағылшын және урду тілдерін меңгерген. Елішілік қызметті атқарған, 2013-2016 жылдары ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

 

 

Ералы Тоғжанов

Сондай-ақ бүгін Маңғыстау облысының активі өңір басшылығына Елбасы ұсынған Ералы Тоғжановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Ералы Лұқпанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Саясаттану ғылымдарының докторы.

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, заңгер.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз