Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
522
0.00
EUR
602
0.00
RUB
6.65
0.00

КТК телеарнасының редакциясына кім “бомба қойғаны” анықталды

“Ол бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Әзірге қамауға алынған жоқ”, — деді ол Sputnik Қазақстанға.

Әзірбектің мәліметінше, қоңырау шалынғаннан кейін ірі телеарналар, газет және интернет-басылымдардың редакциялары орналасқан Республика алаңындағы ғимараттан шамамен 600 адам көшірілді.

“Ішкі істер органдарының 30 қызметкері жұмылдырылды. Ғимаратты тексеру сағат 12.45-те басталып, 13.35-те аяқталды, жарылғыш құрылғы табылмады”, — деп түсіндірді ол.

Ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабарлама КТК жаңалықтар қызметіне күннің алғашқы жартысында түсті. Бұл ақпаратты журналистер дереу Алматы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына жеткізді.

Полицейлер ҚР ҚК 273-бабы “Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату” бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз