Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кремльдің АҚШ сайлауына “араласуына” ресейлік заңгер “қатысқан”

ФСБ – бұрынғы СССР КГБ-ысының орнын басқан мекеме. Оны Ресей президенті болғанға дейін Владимир Путин басқарған.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама ФСБ-ны АҚШ-тағы президент сайлауына араласу мақсатында хакерлік шабуыл жасады деп айыптаған болатын. Весельницкая ол кезде Ресей тыңшылық агенттігінде және үкіметте жұмыс істегенін жоққа шығарған еді.

2016 жылы Нью-Йорктегі Трамп-Тауэр ғимаратында қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен болған кездесуге Весельницкая келген. Бұл кездесу қазір АҚШ әділет министрлігі мен Конгрестегі тергеуге ілігіп отыр. Оған Дональд Трамптың үлкен ұлынан бөлек, тергеуге іліккен компанияның жетекшісі және Трамптың күйеубаласы да қатысқан.

Весельницкаяның Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездесуге мүдделі болғаны анықталған. Ол Трамптың баласын президент сайлауына түсіп жатқан Дональд Трамптың бәсекелесі Хиллари Клинтонға зиян келтіретін ақпаратты Ресей үкіметінен алып беретін заңгермен таныстырмақшы болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз